KZ

Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры Алматының үкіметтік емес ұйымдарымен кездесу өткізді

Қазақстан бойынша 22 мыңнан астам қоғамдық бірлестік тіркелген. Басқосу мақсаты белсенді өкілдермен кездесу, одақтастар тауып, еліміздегі ауылдық аумақтармен жұмыс істеудегі үздік тәжірибемен алмасу.
Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорының директоры Ксения Верба елді-мекендердегі Қор жұмысына тоқталып, әріптестері жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстырды.
Шақырылған қонақтардың жұмыс ауқымы түрлі болды. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі және жастарды қолдау, азаматтық қоғам, жастар қозғалысы, Қазақстанның урбанистикасы, ісін енді бастаған кәсіпкер өйелдер, оның ішінде ауылдық аумақтар, колледж бен жоғарғы оқу орындары студенттерінің бизнес бастамасын қолдау, экогология, білім беру, мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесуге республикалық деңгейдегі ірі қор өкілдерімен қатар, Алматы қаласы бойынша жобаларды жүргізетін жергілікті белсенділер қатысты. ҮЕҰ өкілдері бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірді.
Өз тарапымыздан аталмыш жиындарды тұрақты түрде өткізіп, түрлі жобалармен танысып, қоғамдық бірлестік өкілдерін қор жұмысымен таныстыруды қарастыратын боламыз.