AITAS холдингі жұмыс барысында маңызды құндылықтарға басымдық береді. Біздің мақсатымыз – Қазақстан халқына қызмет ету, ал миссиямыз – ауыл-аймақтардың әлеуетін арттыру арқылы елімізді тұрақты дамыту.
Сондықтан біз ауылдық жерлер мен ондағы білім беру бағдарламаларында озық тәжірибелерді іске асыратын әрі ұтымды ұсыныстарға ашық алаңы бар қорларды құрдық.
Серік Толықпаев
AITAS холдингінің негізін қалаушы, Aitas Foundation-нің идеялық жетекшісі
Елдің тұрақты дамуы бизнес, билік және азаматтық қоғамның бірлесе әрекет етуіне тікелей тәуелді. Олар бір идея жолында жұмыла жұмыс жасаған кезде ғана процесс тезірек жүреді
Жобалар
Aitas Foundation құрамына білім беру, денсаулық сақтау, туризм және қазақстандық ауылдарды дамыту мен өңірлерді абаттандыру бағытындағы түрлі жобалар кіреді.
Елдің тұрақты даму стратегияларын ғылым, бизнес, билік және азаматтық қоғаммен бірлесе отырып құрып, үздік шешімді бірге іздеуге маманданған тәуелсіз талдау орталығы
Аймақтық зерттеу орталығы
Елдің тұрақты даму стратегияларын ғылым, бизнес, билік және азаматтық қоғаммен бірлесе отырып құрып, үздік шешімді бірге іздеуге маманданған тәуелсіз талдау орталығы
Толығырақ
Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры
Стратегия: ауылдық аймақтарды тұрақты дамытудың әдіс-тәсілдерін тауып, өңірлерде жүзеге асқан үздік тәжірибелерді ел деңгейінде қолдану
Стратегия: ауылдық аймақтарды тұрақты дамытудың әдіс-тәсілдерін тауып, өңірлерде жүзеге асқан үздік тәжірибелерді ел деңгейінде қолдану
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры
Стратегия: білім саласындағы болашақ мектеп моделіне сәйкес келетін озық үлгілерді іздеу, іріктеу және оларды сынақтан өткізе отырып, қолданысқа енгізу
Стратегия: білім саласындағы болашақ мектеп моделіне сәйкес келетін озық үлгілерді іздеу, іріктеу және оларды сынақтан өткізе отырып, қолданысқа енгізу
Толығырақ
Ауылдық жерлерден биоматериалдар қабылдау пункттерін ашу үшін құрал-жабдықтар мен жиһаздар алуға 1,5-2 млн теңге көлемінде гранттар береміз.
Медициналық зертхана кабинеттері
Стратегия және сараптама
Инфрақұрылымдық жобалар
Мәдени жобалар
Ауылдық жерлердегі интернет
Аумақтың тұрақты даму стратегиясы – бұл белгілі бір аумақты тұрақты дамуға жетелейтін мақсаттары мен осы жолда жүзеге асуы тиіс нақты шараларын анықтайтын құжат немесе жоспар.
Тұрақты даму стратегиясы жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-қоғамдастықтың, азаматтық қоғам мен халықтың процеске қатысу мүмкіндігін арттырады.
Жұмыстағы негізгі бағыттың бірі – ауылдың инфрақұрылымын жақсарту. Өйткені ол тұрғындардың қауіпсіздігімен қатар, олардың жайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Біз жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып, арнайы әдістеме мен сараптама жүргізу арқылы жұмыс істейміз. Ауылдарымызды дамытудағы барлық өзгерістер осыдан басталады.
Шығыс Қазақстан облысының екі ауданындағы ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетпен(20Мбит/с+) қамтамасыз ету бойынша құрылған пилоттық жоба.
Біздің алғашқы мәдени жобамыз – #LandArt. Жоба аясында «Ескі Австрия» немесе «Австриялық жол» деп аталатын тарихи орынның бойында «Катонқарағай – әлем шекарасы» деп аталатын заманауи Land Art саябағын ұйымдастыруды бастадық.