KZ

"Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы" XIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясыференциясына қатысты.

Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры және Білімді тұрақты дамыту қоры «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ұйымдастырған «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Шара аясында білім сапасына қатысты зерттеулер, бала үшін қауіпсіз әрі жайлы білім ортасын қалыптастыру мәселелері сөз болды, сонымен қатар беделді қазақстандық және халықаралық білім сарапшылары білгенін бөлісті. Конференцияға қонақтар әлемнің 20-ға жуық елінен келді.
Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының директоры Ксения Верба екінші пленарлық отырысқа қатысып, шараның бас демеушісі атанған AITAS өкілі ретінде сөз алды және холдинг жайлы айтып берді.
«AITAS холдингіндегі жұмысты басқару барысында біз құндылықтарымызды және міндет-борышымызды басшылыққа аламыз. Жекелей алғанда, біздің міндет – Қазақстан халқына қызмет ету, ал борышымыз – ауылдық аймақтарды дамыту арқылы елдің тұрақты түрде өркендеп, гүлденуіне үлес қосу. Осы себепті ауылдық жерлерге арналған үздік жобаларды жүзеге асыру мақсатында ортақ ымыраға келуге, бірлесуге көмектесетін платформаның міндетін атқаратын қорлар құрдық. Бұл бағытта білімге де баса мән береміз.

Холдинг білім шараларын әрдайым қолдап келеді, мәселен EdCrunch конференциясының демеушісі атандық. Бұдан бөлек осы жылы «Ауыл мектебі powered by NIS» бағдарламасында басты серіктесіміз саналатын НЗМ конференциясына қолдау білдіруді жөн көрдік», — деп атап өтті Ксения Верба.
Білімді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев 2019 жылы Қор мен НЗМ жүзеге асыра бастаған «Ауыл мектебі powered by NIS» бағдарламасы туралы айтып берді.

«Жобамыздың басты міндеті – ауылда тұратын балаларды ең үздік қала мектептеріндегідей біліммен қамтамасыз ету. Қор бағдарламасының арқасында ауыл мектептерінің мұғалімдері біліктілігін арттырып, елдің ең үздік мамандарынан педагогика технологияларын үйреніп, НЗМ мектептері базасында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне қол жеткізді», — дейді Данияр Тоқтарбаев.
Конференция кезінде қонақтардың назарын өзіне ең көп аударған секциялардың бірі – ұстаздар мен оқушылардың білімге деген қызығушылығын жаңа медиа, интерактив панельдер және заманауи оқыту әдістері арқылы арттыру туралы арнайы сессиялар болды.
Конференция қонақтарының қатарында «Ауыл мектебі powered by NIS» жобасына қатысып жатқан 22 мектептің директорлары мен мұғалімдері де болды. НЗМ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова аталған қатысушыларға 17 «Powered by NIS» естелік сертификатын сыйға тартты.