Aitas Foundation жетекшісі Ксения Верба Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бастаған қазақстандық делегациямен Францияға жұмыс сапарымен барды.
Бұл — Қазақстан мен Қырғызстан делегацияларының біріккен танысу сапары. Оның аясында қатысушылар Францияның Денсаулық сақтау және алдын алу министрлігіне, Кюри институтының Протон терапиясы орталығына, PRESAGE симуляция орталығына, Fondation Hopale реабилитация-қалыпқа келтіру орталығына, Страсбург университетінің емханаларына және елдегі басқа да институттар мен ғылыми медициналық орталықтарға барды. Аталған кездесулердің мақсаты — онкология қызметін, ортопедия мен травмотология саласын жақсартып, медицинадағы цифрлы қызметтерді дамыту, медицина мамандарының біліктілігін арттыру мәселелері бойынша серіктестікті дамыту.
Сонымен қатар Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне инвестиця, технология мен инновация тарту мақсатында Париж, Лилль, Берг, Страсбург қалаларының бизнес қауымдастықтарымен, медицина ұйымдары, агенттіктері басшыларымен кездесулер өтті.
«Төрт күннің бағдарламасы пайдалы әрі ақпаратқа толы бооды. Қазір біз ауылдық аймақта денсаулық сақтау мәселесі бойынша ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз. Телемедицина мәселесі, мықты әлемдік тәжрибелерді ескеріп және Францияның үздік клиникалары, оқу орындарымен келісіп медицина даярлау мәселесі қызығушылық тудырып отыр. Сол себепті Қазақстандағы Франция Елшілігіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне, Францияның Денсаулық сақтау және алдын алу министрлігіне алғыс айтқым келеді»,
- деді Ксения Верба.