«Көптеген адамдар бұны хайп деп қабылдайды, бірақ олай емес, бұл – тек өнер. Мүсін құлаған кезде бірнеше секунд қана кетеді. Ал мен сол құлдыраудың «сюжеттік бейнесін»жасаймын, сол секундық құбылыстың өзі тұтас әлемнің бейнесі. Әрбір жеке мүсін құлаған кезде уақыт та сол аралыққа созылады», – деп өз ойымен бөлісті Ербосын Мелдібеков.
«Аталған көрме суретшінің уақыт, кеңістік, оқиғалар, персонал, батырлар мен анти-қаһармандар туралы негізгі мәлімдемелерінің жиынтығы болып табылады. Мұндағы суретші уақытты, кеңістікті, өзекті оқиғаларды қалай түсінетінін айтады. Көрмеге барған көрерменнің бойында ыңғайсыз сезім туындауы мүмкін, бірақ менің ойымша, суретшінің міндеті – проблемаларды көрсету, кейде айтқым келмейтін және тіпті ойлағым келмейтін нәрселер туралы айту», – дейді көрме кураторы Дастан Қожахметов.
«Мен Ербосын Мелдібековпен бірнеше жылдан бері таныспын және оның шығармашылығын бақылап келемін. Орталық Азия деп атап жүрген ертеңгі күніміз туралы бұл көрме терең ойлауға мүмкіндік береді. Міне, біз бір жүйенің ішінде жүріп көре алмайтын психикалық проблемаларымыздың салдарын көрдік. Мен барлықтарыңызды көрмені өз көздеріңізбен көруге шақырамын. Біздің жоспарымызда мәдениет саласындағы жобалар да бар, осы көрмеден басқа біз Катонқарағайда Халықаралық лэнд-арт шеберлері мен қазақстандық суретшілеріміз қатысатын лэнд-арт жобасын дайындап жатырмыз», – деді AITAS холдингінің негізін қалаушы және меценат Серік Толықпаев.