KZ

Алматыда Ербосын Мелдібековтың жеке көрмесі ашылды

1 ақпан Әскер үйінің Мәрмәр залында ЕрбосынМелдібековтың «Боран – Байқоңыр, Жібек жолы мен ҚұсЖолы арасында» атты көрмесі ашылды. Оған 12 түрлішығармашылық жұмыс кірді, онда автор көрермендергекеңістік пен уақыт туралы әр түрлі формада, кеңістікте жәнеформатта бірге ойлауды ұсынады.

Е. Мелдібековтың көрмесі шын мәнінде еліміз үшін ғанаемес, көптен күткен мәдени оқиғаға айналды. Қазақстанда және одан тыс жерлерде танымал суретші мүсін, инсталляция, орындаушылық, бейне және фотография жанрларында өзіне тән ирония мен сарказм түрінде жұмыс істейді, сондай-ақ тарихи құжаттарды, суреттерді, мүсіндерді, пейзаждар мен кейіпкерлерді зерттей отырып, Орталық Азияның саяси процестерін анықтайды және тіркейді, оған қоса оларды әзіл мен абсурд элементтерін қолдана отырып қайта түсіндіреді.
«Көптеген адамдар бұны хайп деп қабылдайды, бірақ олай емес, бұл – тек өнер. Мүсін құлаған кезде бірнеше секунд қана кетеді. Ал мен сол құлдыраудың «сюжеттік бейнесін»жасаймын, сол секундық құбылыстың өзі тұтас әлемнің бейнесі. Әрбір жеке мүсін құлаған кезде уақыт та сол аралыққа созылады», – деп өз ойымен бөлісті Ербосын Мелдібеков.
Автордың барлық 12 жұмысы бірнеше жыл бұрын Ербосын Мелдібеков өзі үшін метафораның көрінісі ретінде болған. Оның ойынша, Орталық Азия «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшып, ғарышта жоғалған «Боран» ғарыш кемесі ретінде пайда болды. «Боран – Байқоңыр, Жібек жолы мен Құс Жолы арасында» көрмесі суретшінің идеяларын толыққанды визуалды көрсететін өнімі болып табылады. Қола мен ағаштан әр түрлі формадағы цифрлық шешімдерді қолдана отырып орындалған қондырғылардың артында әрдайым автор және оның оқиғаға немесе адамға көзқарасы байқалады.
«Аталған көрме суретшінің уақыт, кеңістік, оқиғалар, персонал, батырлар мен анти-қаһармандар туралы негізгі мәлімдемелерінің жиынтығы болып табылады. Мұндағы суретші уақытты, кеңістікті, өзекті оқиғаларды қалай түсінетінін айтады. Көрмеге барған көрерменнің бойында ыңғайсыз сезім туындауы мүмкін, бірақ менің ойымша, суретшінің міндеті – проблемаларды көрсету, кейде айтқым келмейтін және тіпті ойлағым келмейтін нәрселер туралы айту», – дейді көрме кураторы Дастан Қожахметов.
Е. Мелдібеков өз жұмыстары арқылы оқиғалар мен фактілерді түсініп қана қоймай, сондай-ақ кәсіби мүсінші ретіндегі білімі арқылы классикалық мүсінді суретшіге тән ирониялық деконструктивистік тәсілмен үнемі қайта қарастырып отырады. Классикалық мүсінге сілтемелер суретшінің бейнежазбаларында да байқалады – «тақиядағы адам» кадрлар топтамасы төске қойып көрсетерлікавтопортрет ретінде салынған, ал шын мәнінде серияның өзі өмірге келген мүсіндік бюсттер болып есептеледі. «Мен Шыңғыс хан болғым келеді» GIF анимациялық сериясы классикалық мүсінмен байланысты жақсы көрсетеді – дәл сол төске қоярлық автопортреттері бұл жолы ортағасырлық жаулап алушының шапандары сынды дөңгелек мүсінмен қайталанып көрерменге суреттерді сенімді түрде әр түрлі қырынан көруге мүмкіндік береді.

«Менің пір тұтатындарыммен бірге автопортреттер»сериясында ағаш мүсіндер бар, онда Ербосын Мелдібековөзін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының идеологиялық батырларының бейнелерінде көрсеткен. Суретшінің бұл туындыны жасауға балалық және жастық шағындағы естеліктері шабыттандырды: ол – Батыр Бала Болатбек және Ғани Мұратбаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов және Сәбит Мұқанов сынды болу арманы еді. Бұл армандар жас ерекшеліктері бойынша, ең кішісі – Батыр Бала Болатбек, Ғани Мұратбаевтан бастап, қартайған шағына дейін өмір сүрген қазақ Сталиндік зиялыларының өкілдері – Жамбыл Жабаев пен Сәбит Мұқановқа қойылған сегіз мүсінде орындалды. Мүсіндердің жасалған материалы – Оңтүстік Қазақстанның Қарағаш ағашы.
2021 жылы Мелдібеков «Автордың құлауы» атты пайғамбарлық инсталляциясын құрды. Тұғырдан құлатылған ежелгі грек батырлығына тұспалдауы бар жалаңаш толық өлшемді мүсіндік автопортрет болды. 2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда билікке қарсы жаппай наразылық білдіру кезінде Президентке арналаған ескерткіштер қиратылды.

«Боран – Байқоңыр» жұмыс процесінде суретші «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшып шыққан және ашық ғарышта қалықтап жүріп қираған «Боран» ғарыш кемесінде болғандай кейбір бейнелерге тартылыс күшінің әсеріжоқтығын атап көрсетеді. Ол Орталық Азия елдерінің де осындай қалықтап жүргендей бейнесін байқайды. Жібек жолы мен Құс Жолы арасындағы ғарышта шашырап қалған кеңестік «Боран» американдық «Спейс Шатлдың» бейнеленуіндегі мутацияланған модернистік және авангардтық идеялардың деконструкцияланған қалдықтары Мелдібековтың ғарыштық археологиясының зерттеу нысаны болды.
«Мен Ербосын Мелдібековпен бірнеше жылдан бері таныспын және оның шығармашылығын бақылап келемін. Орталық Азия деп атап жүрген ертеңгі күніміз туралы бұл көрме терең ойлауға мүмкіндік береді. Міне, біз бір жүйенің ішінде жүріп көре алмайтын психикалық проблемаларымыздың салдарын көрдік. Мен барлықтарыңызды көрмені өз көздеріңізбен көруге шақырамын. Біздің жоспарымызда мәдениет саласындағы жобалар да бар, осы көрмеден басқа біз Катонқарағайда Халықаралық лэнд-арт шеберлері мен қазақстандық суретшілеріміз қатысатын лэнд-арт жобасын дайындап жатырмыз», – деді AITAS холдингінің негізін қалаушы және меценат Серік Толықпаев.
«Мелдібековтың көркемдік зерттеулерінің басты бағыты – Орталық Азияның эстетикалық антропологиясы мен топографиясы, отарлық, тоталитарлық, сондай-ақ тоталитарлық мұрадан кейінгі эстетикалық-тарихи ревизия. Суретшінің туындылары концептуалды түрде бай, көрнекі түрде дәл, мәнерлі, ойластырылған, әсерлі, ирониямен, көркем драмалық көріністерімен толтырылған. Қазіргі заманғы өнер әлемінде Мелдібеков Орталық Азияның тарихын, қазіргі заманның тарихын, футурологиялық болжамдарын дәл талдай отырып, өнердің авторы болып табылады», – дейді көрме кураторы Дастан Қожахметов.

Көрме 1 ақпан – 1 наурыз аралығында Әскер үйінің Мәрмәр залында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Одан бөлек көрме аясында экскурсиялар сериясы, сондай-ақ 11 ақпанда сағат 16.00-де автормен бірге артист-токжоспарланған.

Экспозиция Серік Толықпаев пен Aitas Foundationкорпоративтік қорының қолдауымен «Целинный» заманауи мәдениет орталығының серіктестігімен ұйымдастырылды.