Қорымыздың елдің тұрақты дамуына қосып жатқан үлесі мен тәжірибесіне көпшілік жиі қызығушылық танытады. Жобаларымыз туралы кезекті мақала Forbes Kazakhstan басылымында жарық көрді. Нақты айтар болсақ, Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру жобасы сөз болды.
AITAS холдингінің басшысы — Серік Толықпаев басылымға жобаны бастау тарихы, білім беру сапасын арттырудың ел болашағы үшін маңызы, өзінің мұндай жобаларға көзқарасы туралы айтып берді.
«Мен өзім ауылда оқыдым, қала тұрғындары үшін де, ауыл тұрғындары үшін де білім сапасы жоғары болуы керек деген ойдамын. Сапалы білімсіз елдегі адами капиталдың әлеуетін жүзеге асыру мүмкін емес. Тұрақты дамудың бір жолы – әлеуметтік ортаны, экономиканы және экологияны жақсарту. Қоғамдық дамудың негізі — білім, медицина және мәдениет. Біз білімді таңдадық», - дейді кәсіпкер.
Бастапқыда жоба 2800 оқушы пен 320-дан астам мұғалімді қамтыды. Нәтиже көп күттірмеді. Үш жылдың ішінде іріктеліп алынған ауыл мектептерінің білім сапасы 12 пайызға көтеріліп, білім сайыстарына қатысқан оқушылар саны артты. Осылайша, Үлкен Нарын ауылындағы орта мектеп оқушылары республикалық олимпиадаларға екі есеге жиі қатыса бастады.
Қор дерегі бойынша, Қазақстанда 3,7 миллионға жуық оқушы бар. Оның ішінде 2,2 миллион бала қала мектептерінде оқыса, ал 1,5 миллион бала ауылда.
«Бақытты болғың келе ме? Айналаңды қуанышқа бөлей бер. Халыққа қызмет ету, еліміздің тұрақты дамуына атсалысу – біз үшін жай сөз емес. Біздің компания үшін бизнес сияқты қызметіміздің толыққанды бөлігі»,
- дейді Серік Толықпаев.
Мақаланың толық нұсқасын сілтеме арқылы өтіп оқи аласыз: Forbes Kazakhstan