KZ

"Катон-қарағай әлемдер шекарасы" Land Art жобасы аясында алғашқы экспедиция өтті

Land Art атты тамаша жобамыз жайында тағы бір толығырақ тоқтала кетейік.

Биыл еліміздің танымал суретшілері мен сәулетшілері арнайы экспедицияға шығып, Қатонқарағайдың тыныс-тіршілігін, табиғаты мен тарихын сезініп, ауыл-аймақты зерттемек.

Осы ретте, Land Art жобасы аясында Ербосын Мелдібеков, жоба кураторы Дастан Қожахметов, украин суретшісі Жанна Кадирова және ресейлік сәулетші Тотан Күзембаевпен қатысуымен «Катонқарағай – әлемдер шекарасы» атты алғашқы экспедиция өтті. Суретшілер ескі Австрия жолын, Берел қорғандарын, Шұбарағаш пен Аршаты ауылдарын, Дембел тасын аралап, Катонқарағайдың көркем табиғаты мен әсем жерлеріне, мәдениеті мен тарихына тәнті болды. Олар алдағы уақытта болашақ туындылардың эскиздеріне аудару үшін үйлеріне қайтты.

Екінші экспедиция қыркүйекте өтеді. «Катонқарағай – әлемдер шекарасы» алғашқы кезеңіндегі ланд-арт нысандары Катонқарағай ауданының шекарасында «Ескі Австрия» деп аталатын жол бойында жасалады.

Заманауи мүсіндер саябағын ашу 2024 жылдың күзіне жоспарланған.

Ауданымыздың тұрғындары мен қонақтарына қаланың күйбең тіршілігінен демалып, лэнд-арт әлеміне қанығуына мүмкіндік беретін ерекше атмосфера жасай аламыз деп сенеміз.