KZ

Aitas Foundation елордада журналистермен кездесті

AITAS холдингiнің вице-президенті және Aitas Foundation басшысы Ксения Верба журналистер мен қонақтарға Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры мен Білім беруді тұрақты дамыту қорының қызметі, олардың құрылымы, даму стратегиясы, миссиясы мен мақсаты туралы айтып берді.

Жиында Білім беруді тұрақты дамыту қорының басшысы Данияр Тоқтарбаев пен «Өңірлік зерттеулер орталығының» директоры Фатима Герфанова да сөз сөйлеп, өткен жылдың қорытындысын айтып, алдағы жоспарлары мен жобаларымен бөлісті.