KZ

«Катонқарағайдың #LandArt. Әлем шекаралары» жобасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі аяқталды

Достар, «Катонқарағайдың LandArt. Әлем шекаралары» жобасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі аяқталғанын хабарлаймыз.
Демек «Ескі Австрия жолы» бойында орналасатын landart эскиздері дайын деген сөз.
Естеріңізде болса, өткен жылы Катонқарағай ауданына осы жоба аясында 2 экспедиция өтті. Жобаға тартылған суретшілер аймақты толықтай зерттеп, табиғаты мен тарихынан шабыттанған болатын. Алдағы жаз уақытында ауданның өзіндік ерекшелігін және ескі Австрия жолының терең әрі қайғылы тарихын ашып көрсететін алғашқы инсталляцияларды қою жоспарлануда.