Макинск қаласында Бұланды ауданының аграрлық қызметкерлер үшін қайырымдылық кеші өтті.
Оны Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры мен «Логос Грейн» компаниясы ұйымдастырды. Іс-шараға «Аманат» партиясының өңірлік филиалының төрағасы, Бұланды ауданының әкімі, депутаттық корпус және аудан аграршыларының өкілдері қатысты.
Негізгі мақсат ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жергілікті өкілдерімен кездесу және ауданның өзекті мәселелерін талқылау болды.
Кездесудің нәтижелерімен бөлісер болсақ: қайырымдылық кеште:
- Балалар шығармашылық үйін спорттық маттармен қамтамасыз етуге көмектесетін 600 мың теңге;
- Қаланың 4 мектебінде әлеуметтік осал отбасылардың балаларына тәтті сыйлықтар сатып алуға 500 мың теңге жиналды.

Ең бастысы – біз ауыл мектептерінде робототехникамен айналысу үшін 4 үстел сатып алуға қаражат жинай алдық.
Бұл үстелдер Капитоновка, Атамекен, Қараөзек, Никольск ауылдарындағы мектептер арасында бөлініп, балаларға бағдарламалауды тереңдетіп оқуға мүмкіндік береді.