KZ

Ерікті ұлттық шолуларды дайындау бойынша семинар

5 қазанда Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры Солтүстік және Орталық Азия елдері үшін Ерікті ұлттық шолуларды дайындау бойынша семинарға қатысты, ол тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі Солтүстік және Орталық Азияның Алтыншы көпжақты форумы шеңберінде өтті.

Осы семинарда Қазақстанның өкілі – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) орталығының директоры Бақытгүл Хамбар Ерікті ұлттық шолуды дайындау тәжірибесімен бөлісті. Ол ERI сарапшыларының қаржыландыруды бағалау, гендерлік талдау және басқа да маңызды бағыттар бойынша жүргізген талдамдық жұмыстары туралы айтып берді. ERI Ерікті ұлттық шолуды дайындау жұмысын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшылығымен жүргізгенін атап өтті.

Семинар жұмысына ААТДҚ жетекшісі Ксения Верба қатысты. Ол қазақстандық жеке сектор мен ҮЕҰ қатысуымен жоғары деңгейдегі Саяси форум аясында қатарлас іс-шараны ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс туралы баяндап, қатысушылардың талқылауына екі тақырыпты ұсынды. Бірінші тақырып – өңірлік стандарттар және өңірлерді дамыту стратегияларының болмауы жөніндегі мәселе, ал екіншісі – ауылдық мектептердегі интернет мәселесі.

Семинарға қатысушыларды Қазақстанның мүдделі тараптарды Ерікті ұлттық шолуды дайындауға тарту және ел үшін басым мақсаттарды айқындау бойынша тәжірибесі қызықтырды. Ал біздің Қор осы шараға қатысу тәжірибесімен бөлісті.