KZ

«ОЛИМП» КДЗ және INVIVO зертханалық пункттер мен медициналық кабинеттер ашу үшін франшизалар ұсынады

Бағдарламаға биоматериал алу пункттері жоқ аудан орталықтарынан кәсіпкерлер қатысады. Олар үшін 1 миллион теңге мөлшеріндегі бір жолғы төлем (паушалдық жарна) алып тасталады, сондай-ақ оларға өндірілген шығындардың 50%-на дейінгі (1,5 млн теңгеге дейін) мөлшерде жиһаз және жабдық сатып алуға гранттық қаржыландыру қолжетімді.

Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері жалпы сомасы 16,5 млн теңге болатын 11 грант берілді. Алдағы уақытта тағы 40-тан астам пункт ашылады.

2022 жылға арналған жоспарда – жеке медициналық диагностика қызметі көрсетілмейтін ауылдық аудандардың барынша көп санын қамту. Әр түрлі факторларға байланысты грант сомасы екі миллион теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Бағдарламаға қатысу үшін үй-жайды таңдау, өтінім беру, INVIVO немесе «ОЛИМП» КДЗ компанияларымен франшиза туралы шарт жасасу, лицензия алу және шығындарды Қормен келісу қажет. Толық шарттарды сұрату бойынша алуға болады.

2022 жылы біз 40 грант беруді жоспарлап отырмыз, теңгемен алғанда бұл 70 миллионға жуық сома.