RU

Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорының ұжымы C3Medical компаниясының өкілдерімен кездесті.

Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорының ұжымы C3Medical Jérôme Soistier басшысы, Қазақстанда бизнесті дамыту бойынша менеджері Léa Kislig-пен кездесті. Кездесуге сонымен қатар Франция мен Қазақстаның денсаулық сақтау саласындағы серіктестігі бойынша кеңесшісі Alexandra Trircuir те қатысты.

C3Medical – әлем елдеріне медициналық көмек сапасын жақсартуға көмек беретін ірі компаниялардың бірі. Ұйымның жеке командасы мен серіктестер желісі бар, Франция елшілігімен бірлесіп жұмыс істейді.
Бүгінде C3Medical Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірге Солтүстік Қазақстан облысында телемедицинаны дамыту бойынша қанатқақты жобаны дайындап жатыр. Өз тарапымыздан әріптестерімізге Катон-Қарағай ауданында екінші жобаны бастауға ұсыныс білдірдік.
Франциялық компания ұсынатын шешім кәдімгі жеке кездесумен пара-пар телеконсультация өткізуге мүмкіндік береді. Онда дәрігер мен пациент видеоконференция режімінде тілдеседі, сонымен қатар медициналық құралдарды қосу мүмкіндігі болады.