RU

Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының өкілдері Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы өкілдерімен кездесті.

Кездесуге Энергетика және қоршаған орта департаментінің бағдарлама аналитигі Әсел Нұрбекова, қаржы және инвестиция бойынша сарапшы Біржан Евниев, Жаһандық энергоқор жобасының сарапшысы Ерлан Дайырбеков қатысып, қорымыздың жобаларын талқылап, серіктестік мүмкіндіктерін қарастырдық.
Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы қоршаған ортаны қорғау, балама энергияны енгізуге қатысты жобаларды қолдайтыны бәрімізге белгілі. Бұл – Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қорының мақсаттарымен үндес. Өйткені қор ауыл тұрғындарының өмір сапасын алдыңғы орынға қояды. Ауылдардың гүлденуі мен ондағы өмірдің жандануына қажет бірден бір фактор – өмір сүруге қолайлы экология.

Кездесудің негізгі тақырыбы да балама және жаңартылатын энергия көздеріне қатысты болды. Іргелі үйыммен Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры мен Білім беруді тұрақты дамыту қорының жобаларында балама энергияны пайдалану мүмкіндіктерін қарастырдық. Алда ортақ мақсат – қоршаған ортаны қорғау, адамдардың өмір сапасын арттыруға қатысты көптеген бірлескен жоба атқарамыз деген сеніміміз бар.